Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жер қойнауын пайдалану басқармасы

Жер қойнауын пайдалану басқармасы

 Басқарманың негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды мониторингілеу және бақылауын қамтамасыз етуі;

- Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды мониторингілеу және бақылауын қамтамасыз ету бойынша комитеттің құрамдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

- жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығын түсіндіруі;

- жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы заңдылықты және нормативтік құқықтық актілерін жетілдіруі болып табылады.

  Басқарманың функциялары:

- ведомстволық статистикалық есептелік тексеріс бойынша өткен тексеріске байланысты ақпарат беру, анализ және жинауын жүзеге асырады.

- ұтымды және кешенді пайдалануды саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлеуді жүзеге асыру;

- конкурсқа шығарылуға қатты пайдалы қазбалар тиіс жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзу;

- жер қойнауын, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешендi пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;

- қатты пайдалы қазбалар геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру;

- қатты пайдалы қазбалар келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiсу;

- қатты пайдалы қазбалар барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiту;

- қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге арналған жобалық құжаттарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

- қатты кен таралған пайдалы қазбалар жобалау ұйымы әзiрлеген жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою немесе консервациялау жобаларын келiсу;

- қатты және кен таралған пайдалы қазбалар пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсатын келісу;

- қатты пайдалы қазбалар жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiмшарттар талаптарының орындалуына бақылау мен оның мониторингiн өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша мәселелерді үйлестіру.

 

2018 жылға басқарманың жүмыстары бойынша ақпарат

2018 жыл бойынша:

  • Комитеттің аймақтық бөлімшелерімен 2018 жыл бойынша 87 кәсіпкерлік субъектілері тексерілді, 71 тексеріс бойынша бұзушылықтар анықталды, салынған айыппұлдың жалпы соммасы 24 млн. тенгені құрайды.
  • Басқармамен 205 тау-кендік және геологиялық бөлулер берілді.

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті