Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жер қойнауын геологиялық зерттеу басқармасы

Жер қойнауын геологиялық зерттеу басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді Республикалық бюджет қаражат есебінен және жер қойнауын пайдаланушылар  – компаниялардың жеке қаражаты есебінен орындау.

- Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар бойынша минералдық-шикізат базасын Республикалық бюджет қаражат есебінен және жер қойнауын пайдаланушылар – компаниялардың  жеке қаражаты есебінен қайта өндіруді қамтамасыз ету.

- Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында ғылыми - қолданбалы зерттеулерді жүргізу.                           

Басқарманың функциялары:

- қатты пайдалы қазбаларға мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында мемлекеттік саясатын іске асыру;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу салалық бағдардамаларын іске асыруға және әзірлеуге қатысу;

- өңірлік геологиялық зерттеулерге, қатты пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалауға, геология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді өндіруге мемлекеттік тапсырмаға бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеу және ұсынысты қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және орындау міндеттерін қоса;

- қатты пайдалы қазбалар минералдық-шикізат базасының даму жағдайын және мемлекеттік  геологиялық зерттеулерге мониторингті жүзеге асыру;

- бюджет қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңын мердігерлік мекемелердің  сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу және қолданбалы ғылыми зерттеу бойынша конкурстық бағдарламаларды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу;

- бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша операцияны өткізуге келісім шарт жасауға қатысу;

- өз қаражаты есебінен мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеуге келісімдерді (келісім - шарттарды) дайындау  және өтінімдерді қарастыру;

- құзіретті орган арқылы конкурсқа қоюға жататын, жер қойнауы учаскілерінің тізім жобасын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізу;

- жер қойнауын пайдаланушылардың бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісім талаптарын орындауы  бойынша мониторинг жүргізу және ұйымдастыру;

- өз құзырет шегінде нормативті – техникалық құжаттарды және құқықтық актілерді әзірлеу және әзірлеуге қатысу.

 

2018 жылғы

геологиялық зерттеулер жөнінде ақпарат

 

2018 жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, бөлінген лимит шегінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес, «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру» 089 республикалық бюджеттік бағдарламасының «Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары» 102 кіші бағдарламасы бойынша Комитет еліміздің барлық аймақтарында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді. Оған алаңдарды геологиялық жете зерттеу, кенді аймақтарды геологиялық-минерагендік картаға түсіру, тереңдікті геологиялық картаға түсіру, іздеу, іздеу-бағалау жұмыстары жатады.   

   

Өңірлік геологиялық зерттеулер

 

  1. Болжамды ресурстарды бағалай отырып, масштабы 1:200000 алаңдарды геологиялық жете зерттеу (ГДП-200) – (алдын басталған) 2 объектіде жұмыстар жалғастырылды, жалпы жұмыс аумағы 15,7 мың км2 (Қазақстанның солтүстік және орталық өңірі).

2. Сонымен қатар, 2017 жылы ГДП-200 жұмыстарының нәтижесі бойынша (аяқталу мерзімі – 2019 жылдың 4 тоқсаны)  масштабы 1:200000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік геологиялық картасы парақтарының сериялық шартты белгілерін дайындау жұмыстары басталды және жаңа сериялық шартты белгілер базасында, сондай-ақ қолда бар геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, аэроғарыштық және басқа да ақпаратты пайдалану және терең талдау мен синтездеу негізінде, заманауи геологиялық теорияларды, деректерді түсіндіру мен өңдеудің әдістері мен компьютерлік құралдарды қолдана отырып, масштабы 1:200000 әрбір номенклатуралық парақ бойынша геологиялық карталардың жаңа топтамасын әзірлеу және басып шығаруға дайындық (заманауи Мемлекеттік геологиялық карталар-200) басталды. Бұл карталар Қазақстан геологиясының негізі болып табылады. Оларға ісін жаңа бастаған кез келген жер қойнауын пайдаланушы жүгінеді.

3. Болжамды ресурстарды бағалай отырып, масштабы 1:200000 геологиялық-минерагендік картаға түсіру (ГМК-200) – (алдын басталған) 2 объектіде жұмыстар жалғастырылды, жалпы жұмыс аумағы 17,9 мың км2 (Қазақстанның Орталық өңірі).

   4. Болжамды ресурстарды бағалай отырып, масштабы 1:200000 тереңдікті геологиялық картаға түсіру (ГГК-200) – (алдын басталған) 6 объектіде жұмыстар жалғастырылды, жалпы жұмыс аумағы 46,2 мың км2 (Қазақстанның барлық өңірлерінде). Сондай-ақ 1 жаңа объектіде жұмыстар басталды.

Өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде геологиялық мазмұндағы масштабы 1:200000 заманауи карталар топтамасы дайындалады, негізгі минералдық шикізат түрлерінің болжамды ресурстары бағалана отырып, келешегі бар жаңа алаңдар, учаскелер, кен аймақтары анықталады, егжей-тегжейлі геологиялық зерттеу жүргізу үшін ұсынымдар берілетін болады.

Аяқталған өңірлік геологиялық зерттеулер жөніндегі есептер «Қазгеоақпарат» РГАО-ның геологиялық қорларына және тиісті Өңіраралық департаменттерге тапсырылады.

 

Қатты пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстары – алтын-полиметалл, мыс, сирек кездесетін металдардың кен орындарын анықтау мақсатында 2018 жылы 26 объектіде (республиканың барлық өңірлерінде) іздеу жұмыстары жалғастырылды (бұрын басталған жұмыстардың жалғасы) және 8 жаңа объектіде жұмыстар басталды.  

2018 жылдың іздеу жұмыстары бойынша 1 объектіде жұмыстар аяқталды. (Қазақстанның батыс өңірі).

Ұңғымадағы жұмыстардың нәтижесінде пирит және халькоприритпен көрсетілген, метасоматиттер мен гранодиориттарда жікті-дақты сульфитті минерализация айқандалды. Айке аумағының болжалды ресурстарына баға берілді.

  

Қатты пайдалы қазбаларды іздеу-бағалау жұмыстары - алтын-мыс кендері, полиметаллдар, сирек кездесетін металдар бойынша 2018 жылы  6 объектіде (алдын басталған жұмыстар жалғастырылды) (ШҚО-да, Қызылорда облысында) жұмыстар жалғастырылды. Сондай-ақ 1 жаңа объектіде жұмыстар басталды.

2018 жылдың іздеу-бағалау жұмыстары 2 объектіде аяқталды. (Қазақстанның Шығыс, Оңтүстік өңірдерінде)

Іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары нәтижесінде келешегі бар жаңа кен объектілері, алаңдар, учаскелер, минералдау аймақтары анықталып, болжамды ресурстар бағаланады және негізгі минералдық шикізат түрлері С2 бойынша қорлар есептеледі, егжей-тегжейлі геологиялық зерттеу жүргізу үшін ұсынымдар берілетін болады.

Аяқталған іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары жөнінде есептер «Қазгеоақпарат» РГАО-ның геологиялық қорларына және тиісті Өңіраралық департаменттерге тапсырылады.

 

 

Жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен

жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберіндегі

жұмыстар

 

2018 жылы, жер қойнауын пайдаланушылардың өз қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге 122 (жүз жиырма екі) келісімшарт жасалды.

Қаржыландырудың жалпы сомасы 11 094 816 399 теңге (он бір миллиард тоқсан төрт миллион сегіз жүз он алты мың үш жүз тоқсан тоғыз).

Келісімшарттарда асыл, түсті және сирек металлдарға іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын қамтиды.

 

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті