Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Гидрогеология және инженерлік геология басқармасы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өңірлік гидрогеологиялық зерттеулер, жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын (бұдан әрі – ІБЖ) жүзеге асырады, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістердің мемлекеттік мониторингін (бұдан әрі – ЖС мен ҚГҮММ) жүргізеді.

 

Өңірлік гидрогеологиялық зерттеулер

 

Масштабы 1:200 000 гидрогеологиялық түсірілім, шаруашылық-ауыз сумен қамту мақсатында, ауыз сулардың жаңа кен орындарын іздеу үшін келешегі бар учаскелерді, минералды жерасты суларының біліну учаскелерін, ластану аймақтарын анықтауға, заманауи гидрогеологиялық карталарды жасауға, Қазақстанның өндірістік күштерін қоныстандыру мен орналастыру сызбаларын және облыс аудандарының орналасу сызбасын жасау үшін негіз дайындауға бағытталған.

  

2017 жылы 5 объект бойынша 22,4 мың км2 аумақта гидрогеологиялық түсірілім жүргізілді. Бұл жұмыстардың нәтижесі елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын, геотермальды суларды ІБЖ жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттамалардың (бұдан әрі – ЖСҚ) жобасын жасауға, сондай-ақ түрлі масштабтағы гидрогеологиялық карталарды жасауға негіз болып табылды. Сонымен қатар, 2019 жылдың соңында аяқталатын 50,994 мың км2 алаңдағы 10 нысан бойынша жұмыстар жалғасуда.

2019 жылы Атырау облысында 3 жаңа нысан бойынша жұмыстар басталады.

 

Жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстары

 

"Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында 2012-2014 жылдар аралығында 557 ауылды жер асты су қорларымен қамтамасыз ету және 65 кен орнының қорларын қайта бағалау үшін жүргізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша 543 ауылға арналған жерасты суларының пайдалану қоры 252,57 мың тәулігіне м3 мөлшерінде бекітіліп, жалпы қосындысы 1 896,5 мың тәулігіне м3 мөлшерінде 65 кен орнындағы қорлар қайта бағаланды.

2014 жылы 744 ауыл үшін ІБЖ және 40 кен орнындағы қорларды қайта бағалау басталып, 2015 жылдың желтоқсанында аяқталады. Сондай-ақ, 2015 жылы басталатын, 480 ауыл үшін ІБЖ және 35 кен орнындағы қорларды қайта бағалау жүргізуге ЖСҚ әзірленді.

2014 жылы ІБЖ жүргізуге бөлінген қаражат – 9 193,9 млн. теңге толық игерілді.

2015 жылы, 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚР Заңына сәйкес,  бұрын Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті атқарған, елді мекендер үшін жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілді.  

Осыған байланысты, 2015-2016 жылдар аралығында жерасты суларының кен орындарын іздеу-барлау және жете барлау жұмыстарын жүргізуге арналған 158 жоба бойынша жұмыс көлемі мен әдістемесі келісілді. Осы объектілер бойынша 1224 ауыл үшін тәулігіне 445,6 м3 мөлшерінде жерасты суларының қоры бекітілді және 75 кен орны бойынша  тәулігіне 2541,6 м3 мөлшерінде пайдалану қоры қайта бекітілді.  

2017 жылдан бастап ІБЖ жалпы сипаттағы трансферт арқылы жүргізілілетін болып, Гидрогеология және инженерлік геология басқармасының құзыретіне енбейді.

 

Геотермальды сулар

 

2015-2016 жылдары жылумен қамту, ыстық сумен қамту, жылыжай-көшетжай кешенін ұйымдастыру және басқа да қажеттіліктерге пайдалану үшін термальды жерасты суларының қорын бағалау мақсатында Алматы облысындағы Жаркент бассейнінің Жарқонақ учаскесінде геотермальды суларды іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.  

Болашақ энергиясына арналған ЭКСПО-2017 қарсаңында геотермальды сулардың жаңа кен орны – Жарқонақ кен орны ашылып, ұңғыманың аузындағы судың температурасы 103оС-ді құрайтын, 2850 м тереңдікте термальды сулардың өздігінен төгілуі анықталды. Оның пайдалану қоры тәулігіне 12,9 мың м3 мөлшерінде бекітілді. Кен орнының жылу энергетикалық қуаты тәулік сайын 121 тонна шартты отын жағуға, ал 27 жылды құрайтын пайдаланудың барлық  есептік мерзімінде 1,2 миллион тонна шартты отын жағуға баламалы. Ағыстың шамадан тыс жоғары қарқыны термальды суды тұтынушыға, сорғы жабдығын пайдаланбастан, ұңғыма қабаты энергиясының көмегімен беруге мүмкіндік береді. Геотермальды сулар өзінің химиялық құрамы жағынан да ерекше, тұщы су болғандықтан, курортология зертханасының қорытындысы бойынша бальнеологияда кеңінен пайдалануға болады.      

 

Жерасты сулары мен қауіпті геологиялық үдерістер мониторингі

 

ЖС мен ҚГҮММ жерасты суларының сарқылуы мен ластануына жол бермеу шараларын әзірлеу үшін жерасты суларының ресурстары мен сапасын және қауіпті геологиялық үдерістердің байқалуына жол бермеу үшін олардың жай-күйін бағалау мақсатында жүргізіледі.  

Жерасты суларының режимі мен балансын, жай-күйі мен ұтымды пайдаланылуын зерттеу бойынша жүйелі режимдік бақылаулар мемлекеттік бақылау желісінде барлық әкімшілік облыстар бойынша жүргізіліп келді.

Барлық ақпарат Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану мемлекеттік деректер банкінде орналасқан.

2017-2018 жылдары жүргізілген жерасты суларын мониторингтік зерттеу нәтижелері 2018 жылы Шығыс-Қазақстан облысындағы (Семей өңірі), Шығыс-Қазақстан облысындағы (Шығыс-Қазақстан өңірі), Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарындағы жерасты суларының режимі мен балансын және жай-күйін зерттеу жөніндегі 15 есепте көрініс тапты. 

Жерасты суларының техногендік ластануын зерттеу үшін Мірғалымсай-Түркістан (полиметаллдар), Қошқарата (стронций, молибден, селен, т.б.), Рудный-Қостанай (никель, темір, фтор, т.б.), Семей (радионуклидтер), Елек (алты валентті хром) полигондарында бақылаулар ұйымдастырылып, жүргізілуде.    

Оңтүстік-Қазақстан облысының сейсмикалық қауіпті аймақтарында жер сілкінудің гидрогеодинамикалық хабаршыларын зерттеу 9 бекетте («Сарыжас», «Боғұты», «Түрген», «Казачка», «Медеу», «Қаскелең», «Қопа», «Ақкөл», «Луговая») бірнеше жылдар бойы жүргізіліп келеді. Атырау облысындағы «Егіз» және Маңғыстау облысындағы «Беке» бекеттерінде көмірсутек әлеуетін игеру аумақтарында бақылаулар ұйымдастырылып, жүргізілуде. Сейсмикалық мониторинг бойынша бақылау нәтижелері, қатты жер сілкінісін апталық қысқа және ұзақ мерзімді болжау жасау үшін, күн сайын Жер сілкінісін болжау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға тапсырылады.

Сонымен қатар, қауіпті геологиялық үдерістер (көшкін, опырылу, жыра түзілу, өзен жағалауларының опырылып құлауы, т.б.) мониторингі жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Орталық ақпарат банкі құрамында «Жерасты сулары» кіші жүйесінің деректер банкі (жерасты сулары бөлігінде Мемлекеттік су кадастры) жұмыс істейді, толықтырылады, оңтайландырылады. 

Жыл сайын мониторинг деректері мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады. 

2019 жылы ЖС мен ҚГҮММ жүргізуге 561,710 млн. теңге бөлінді.

 

Көкжиде кен орнының жер асты суларының пайдалану қорларын қайта бағалау

 

2017 жылы Ақтөбе облысының әкімдігімен (бұдан әрі – Әкімдік) бюджеттік 081 Бағдарлама бойынша құны 1161,8 млн. теңге Көкжиде кен орнының (бұдан әрі – кен орны) қорын қайта бағалауға жоба 3 жылдық жүргізу мерізімімен әзірленді және бекітілді.

Бюджеттік 089 бағдарлама 105 «елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша жобаны іске асыру үшін 1161,8 млн.теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Әкімдікпен жұмыстың орындаушысын анықтау үшін конкурстық процедураларға дайындық жүзеге асырылуда.

Жұмыстар 2021 жылы аяқталатын болады, жұмыс нәтижелері кен орнының контурын нақтылай отырып, жер асты суларының пайдалану қорларын бекітуге, Көкжиде барлық кен орны ресурстарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын бағалауға, Көкжиде құм алабында жер асты суларының сапалы жай-күйіне жер қойнауын пайдаланушылардың техногендік әсер ету мәселесін зерделеуге мүмкіндік береді.

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті