Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0805/19
Казгеология продолжает поисковые работы  на Сегизбай-Кульской площади

Қазгеология Сегізбай-Көл алаңындағы мыс пен полиметалл іздеу жұмыстарын жалғастырады

Орындалатын жұмыстардың негізгі міндеті – Жезқазған өңірінің минералдық шикізат базасын толықтыру үшін перспективалы алаңдарды анықтау.

Сегізбай-Көл алаңы Қарағанды облысының Ұлытау ауданының аумағында, Ұлытау кентінен солтүстік батыста 7 км қашықтықта, батысында Сарлық елді мекенінен 3-4 км қашықтықта орналасқан.

2018 жылы учаскеде ВП-ДОЗ (желісі 500х50 м) әдісімен алаңда электр барлауын жүргізуді қамтитын геологиялық-геофизикалық жұмыстар кешені, іздеу маршруттары және таукен өткеру жұмыстары орындалды.

Өткізілген геофизикалық профильдерде полярлануы жоғары аномалиялық аймақтар айқын анықталды. Көлемі 2000 м3  арықтар қазып, өткерілді. Ашылған қатпарларда қорғасын-мырыш минералдануы аймақтары анықталды, оларда сфалерит, галенит және малахит минералдануы байқалды.

Тарихи деректер бойынша Сегізбай-Көл алаңында полиметалл кендерінің кенденуіне перспективалы учаскелер нақтыланып, контурлары жасалды. Қазгеология Құдық, Арпа-Бұлақ, Әбит, Сарысай және Озерное (кварц-алтын-сульфидті) кен орындарында жүргізген электр барлауы барысында аномалиялық аймақтар анықталды.

Қазіргі уақытта, ізашарлар ашқан аномалиялық аймақтар мен минералдану аймақтарын растау үшін іздеу ұңғымаларын бұрғылау басталды.Қазақстанда оған ұқсас аналогтар жоқ  DANDO (Ұлыбритания өндірісі, IVECO автомашинасының базасында) ұтқыр қондырғысымен жұмыстар жүргізілуде.

Ол аралас әрі бұрғылаудың әр түрін пайдалануға мүмкіндік беретін қажетті тораптармен жарақтандырылған: ұстындық бұрғылау, RC бұрғылау, сондай-ақ суда бұрғылау.

Тұтас алғанда, жалпы көлемі 1000 қ.м 7 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда.

Бұдан басқа, жер бетіндегі геофизикалық жұмыстар 500х50 м желісінде және 250х25 м желісінде тәптіштелген электр барлауы мен магнитті барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сегізбай-Көл алаңында одан әрі жүргізілетін жұмыстар бойынша олардың перспективалары техникалық-экономикалық бағалау ұсыныстарымен бірге геологиялық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін 2020 жылы белгілі болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті