Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2405/19
В Казахстане состоялось заседание Национального совета Заинтересованных Сторон по реализации ИПДО

Қазақстанда ӨСАБ-тың іске асырылуы жөнінде Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 21 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған ӨСАБ Халықаралық хатшылығының Атқарушы директоры Марк Робинсон, Валидация жөніндегі директор Алекс Горди, Парламент, Үкімет, азаматтық қоғам мен өндіруші компаниялар тарапынан МТҰК мүшелері қатысты. Марк Робинсон Қазақстанда ӨСАБ-ты іске асырудағы табыстар мен оның аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де ілгерілегені үшін алғыс білдірді. Атап өтетіні, басты талабы компаниялардың келісімшарттары мен түпкілікті бенефициарларын ашу болып табылатын ӨСАБ стандартына сәйкес, деректерді жариялауды кеңейту бағытында жұмыс жүргізілген болатын. Қазақстанның тәжірибесі мол және басқа елдерге үлгі боларлықтай алдыңғы қатарда дегенді айтты. Бенефициарлық құқық, минералдық ресурстар саудасы, келісімшарттарды жария ету мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірді. 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидация басталғанға дейін жоғары баға алу үшін түзету қажет бірқатар ұсынымдар бар.

Сондай-ақ, МТҰК отырысында күн тәртібіне сәйкес Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы әрі МТҰК төрағасының орынбасары А.А. Надырбаев 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидацияға дайындық және 2017 жылғы валидация барысында Халықаралық басқарма берген түзету шараларының жай-күйі, прогресс пен проблемалық мәселелер туралы ақпарат берді. МТҰК-тің Валидация жөніндегі жұмыс тобының жұмысы туралы ҮЕҰ тарапынан МТҰК мүшесі Диана Окремова баяндады. Валидация жөніндегі директор Алекс Горди алда болатын 2019 жылғы 13 тамыздағы қайта валидация үшін жасалатын түзету шаралары туралы презентация жасады және түзетулер негізінен техникалық және безендіру сипатында екенін атап өтті. Бенефициарлық құқық жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің Манила қаласында өткен тренингке қатысуы туралы, бенефициарлық құқық бойынша халықаралық талаптар және Бенефициарлық құқық жөніндегі жол картасының іске асырылуы туралы «Қазгеоақпарат» РГАО» ЖШС бас директоры, ӨСАБ Ұлттық хатшылығының жұмысын үйлестіруші Жанат Карибаев сөз етті. 2019 жылы Қазэнерджи энергетика апталығы шеңберінде ӨСАБ бойынша X Ұлттық конференцияны өткізу туралы «Kazenergy» қауымдастығының Халықаралық ынтымақтастық департаметінің директоры, МТҰК мүшесінің орынбасары Бауыржан Өмірзақов айтты.

Отырыс хаттамасымен ӨСАБ Ұлттық сайтында  танысуға болады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті