Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1912/18
 Казахстан и Китай продолжают по приграничному изучению недр

Қазақстан мен Қытай шекара маңындағы жер қойнауын зерттеуді жалғастыруда

Бүгін Астанада Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитеттің Геология және жер қойнауын пайдалану кіші  комитетінің  9-шы отырысы өтті.

Қытай делегациясын Қытай Халық Республикасының Табиғи ресурстар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры - Геология және жер қойнауын пайдалану кіші комитеті Тең төрағасының міндетін атқарушы Чжан Чжи басқарды.

Қазақстан жағын Қазақстан Республикасы Инвестициялар  және даму вице министрі - Геология және жер қойнауын пайдалану кіші комитетінің  Тең төрағасы Тимур Тоқтабаев басқарды.

Кіші комитет  аясында «Болжамды ресурстарды бағалауды қоса алғанда, 1:1000000 масштабты бірлескен геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карталар жасап, Қазақстан мен Қытайдың шекара маңы аумақтарының геологиялық құрылымын кешенді зерттеу» туралы бір жоба жалғасуда. 2011 жылы аталған жобаның бірінші кезеңі аяқталды.

Бірлескен жобаны жалғастыру бойынша Қытайдың Сиань Орталық Геологиялық қызметінің бөлім директоры - Ма Чжунпиннің «1:1000000 масштабты Қазақстан және Қытай шекара аумақтарындағы бірлескен геологиялық карталау және салыстыру туралы ұсыныстары туралы мәлімдемесі және  Қытайдың пайдалы қазбалары мен геология саласындағы соңғы жетістіктері туралы таныстырылымы болды.

Қазақстан  жағынан Топаз «Геологиялық барлау компаниясы» Директоры Айсұлу Кұтубаева «Болжамды ресурстарды бағалауды қоса алғанда, 1:1000000 масштабты Қазақстан және Қытай шекара аумағындағы бірлескен геологиялық картаны біріктіру жұмысын жалғастыру туралы» (Шығыс-Қазақстан облысы). «АсемТас-Н» ЖШС Директоры Владимир Калмыков «Жоңғар Алатау шегіндегі Қазақстан және Қытай шекара маңындағы минерагения ерекшеліктері және геологиялық құрылымдар туралы жұмыстың жағдайы туралы» айтты.

Бұл зерттеулердегі бірінші міндет келісілген шартты белгілермен шектес аумақтың геологиялық картасын біріктіру. Ондан кейін біріңғай геологиялық карта жасалады.

Сонымен қоса, отырыс барысында Қытай Геологиялық Қызметі және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті арасындағы ынтымақтастыққа қатысты Келісімге қол қою мүмкіндігі туралы ұсынысы талқыланды.

Нәтижесінде тараптар жер қойнауын шекаралық зерттеу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Кіші комитеттің 10-шы отырысын 2020 жылы Қытай Халық Республикасында өткізу келісілді.

 Казахстан и Китай продолжают по приграничному изучению недр

 Казахстан и Китай продолжают по приграничному изучению недр

 Казахстан и Китай продолжают по приграничному изучению недр

 Казахстан и Китай продолжают по приграничному изучению недр


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті