Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2905/19
Казахстанские геологи продолжают поиск свинца, меди и марганца в Карагандинской области

Қазақстан геологтары Қарағанды облысында қорғасын, мыс, марганец іздеуді жалғастыруда

Қарағанды облысының  Ұлытау ауданындағы Терісаққан алаңында  іздеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстардың жалпы көлемі - 176,1 км2.

 Учаске 4 кен көрінісін қамтиды.  

- қорғасын - солтүстік және оңтүстік Терісаққанда, құрамы 0,7 - 19,0%; 

- мыс - құрамы 3-5% (Жаңа-Бек);

- марганец - 22%, қорғасын - 1,2%, мыс – 0,5% Терісаққан.

2018 жылы алаңда геологиялық-геофизикалық жұмыстар кешені орындалды. Полярлануы жоғары бірнеше  аномалия  ажыратылды.

Биылғы жылы  бүкіл осы алаңда тиянақты магнитті барлау және электр барлау жұмыстары жүргізіледі.

Алаңның құрылымдық-тектоникалық ахуалын және  Терісаққандағы марганецтің оңтүстік кен көрінісіндегі магнит өрісін мол туындататын объектілердің шекараларын нақтылау жоспарлануда (22).

Сондай-ақ, өрісті туындататын объектілердің орналасқан жерлерін нақтылап, полярлану аномалияларының неғұрлым тиянақты суретін алу жоспарлануда.

Геофизиктер  Терісаққан  учаскесінде дала жұмыстарын мамырда бастады.

Жалпы алғанда, шілденің аяғына дейін мынадай жұмыстар жүргізіледі:

- ВП-ДОЗ әдісімен 500х50 м желісінде электр барлауы жұмыстары - 47 қ.км., 250х25 м желісінде - 103 қ.км; 

- 250х25м желісінде магнитті  барлау жұмыстары – 103 қ.км.

Жұмыстар «Trimble R10» компаниясының спутник GPS жабдықтарын пайдаланылып орындалады.

Бұдан басқа, жалпы көлемі 2000 қ.м 10 ұңғыма бұрғыланады.

Казахстанские геологи продолжают поиск свинца, меди и марганца в Карагандинской области

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті