Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2002/19
МИИР и АДГСПК продолжают совместную работу по снижению коррупционных рисков

ИИДМ мен МҚІСЖҚА сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруда

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде министр Жеңіс Қасымбек пен ҚР МҚІСЖҚА төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен кеңес өтті. Кеңейтілген кеңесте министрлік қызметіндегі анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды азайту мәселелері қаралды. 

Кеңес барысында ҚР МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев, сондай-ақ, Көлік комитеті төрағасының орынбасары Самат Гелимов пен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов баяндама жасады.

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев атап өткендей, 2018 жылдың 29-маусымында күшіне енген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс халықаралық стандарттарға сай әзірленген. Онда алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі ескерілген түрлі геология саласының нормативтік-құқықтық актілері біріктіріліп қана қоймай, саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді азайтуға да мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдалану құқығын алуда бірінші тапсырыс қағидасы ензілді (конкурстық және аукционнан гөрі ашық, лицензия, блоктар жүйесі, барлауға арналған құжаттардың ең аз пакеті енгізу); геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділік қамтамасыз етілді (тапсыру шарттары қысқартылды, интернеттегі ақпараттық жүйе арқылы ақпарат берілді және т.б.); әкімшілік кедергілер мен рұқсат беру процедуралары 3 есе қысқартылды (жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезеңдері (16-дан орнына 4 кезеңге) қысқартылды); халықаралық қорларды бағалау CRIRSCO стандартына көшу қарастырылды.

Бизнес процестерді автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы минералды ресурстар дерекқорының Ұлттық банкі ақпараттық жүйесі әзірленуде.

Бұл жүйені құру инвесторлар үшін бір терезе қағидатын енгізуге мүмкіндік береді және бизнес орта мен мемлекеттік қызмет арасындағы байланыс сияқты тәуекелдерді жоюға мүмкіндік береді. Жүйені іске қосу «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр. Кодексті іске асыру аясында геологиялық және жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық құқықтық актілердің аудиті дискрециялық және сыбайлас жемқорлық нормаларын болдырмау мақсатында жүргізілді.

Жолдарды салу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында «сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, жол құрылысының сапасын арттыру және оларды қолдану» бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ң, МҚІСЖҚА мен ҚР АКМ-ң өкілдері кіреді.

Жолдардағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін адам факторын қоспағанда, қашықтықтан басқаруға көшу арқылы көлікті бақылау бекеттерін кезең-кезеңмен қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы Көлік комитеті төрағасының орынбасары С.Гилимов айтты.

Министрлік көлік құралын жүріп келе жатқан кезінде өлшеу автоматтандырылған жүйесін енгізу іс-шараларын жүргізуде. Тәжірибе көрсеткендей, өлшеудің жоғары дәлдігі стационарлық таразылармен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты республикалық автожол учаскелерінде жекелеген автоматтандырылған салмақ өлшеу станцияларының желісін құру ұсынылады.

Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының деректері негізінде ақпараттық тақтайшалар арқылы жүргізушіге өлшеу станциясына тоқтау керектігі туралы хабар беріледі. Бұл талапты елемеу фактілерін автоматтандырылған бейне мониторинг жүйесі («СЕРЕК», ІІМ-нің фотоаппараттары) арқылы жазу және осыған байланысты әкімшілік айыппұл салу ұсынылады.

«Өлшеу станциялары электронды режимде жұмыс істеп, өлшеу қорытындысын онлайн түрінде беруі керек. Өлшеу нәтижелеріне сәйкес жүргізушіге автоматты түрде нақты салмақ пен өлшемдік параметрлерді көрсететін акт беріледі. Ереже бұзылған жағдайда көлік иесіне айыппұл төлеу керектігі туралы ұйғарым жіберіледі», - деп түсіндірді Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

 Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Н.Мақажановтың ақпараты бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы лицензиялау жүйесін реформалау аясында жүзден астам рәсім азайып, тек алты рұқсат беру рәсімі қалды. Бұл қызметтер электронды форматқа аударылады және «электронды үкімет» порталы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аз ғана құжат тапсырады. Бүгінгі күні сарапшылар тобы талап етілетін құжаттар саны мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жасырын мемлекеттік қызметтерді талдау нәтижесінде қауіпті техникалық құралдарды тіркеу және тіркеуден шығару функциясы мемлекеттік қызметтердің тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен нормалары бекітілді.Қазіргі уақытта оларды автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті