Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0703/19
Развитие геоинформационного обеспечения обсудили геологи в Москве

Геологтар Мәскеуде геоақпараттық қамтамасыз етуді дамытуды талқылады

Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің жұмысы шеңберінде Мәскеуде (Ресей Федерациясы) «Жер қойнауын геологиялық зерттеу және пайдалану мәселелерін шешу, Геологиялық ақпараттың бірыңғай қорын қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша геоақпараттық қолдауды дамыту» тақырыбында кеңес өтті.

Аталған кеңеске Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының және Беларусь Республикасының өкілетті өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы атынан ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Талғат Сатиев, ҚР ИИДМ  ГЖҚПК ақпараттық технологиялар және геологиялық ақпарат басқармасының басшысы Даир Ибраев және «Қазгеоақпарат» РГАО ЖШС Ақпараттық технологиялар және деректер базасы департаментінің директоры Нұрлан Әбішев қатысты. Талғат Сатиев кеңеске қатысушыларға Қазақстан Республикасы минералдық ресурстар деректері ұлттық банкінің Ақпараттық жүйесін құру және енгізу туралы айтып берді, бұл тыңдаушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Жоғарыда аталған кеңестің нәтижесі бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы шешім қабылданды және Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXII сессиясының тапсырмаларын орындау шеңберінде ресей-қазақстан жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойылды.

В рамкаx работы Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр в Москве (Российская Федерация) состоялось совещание на тему: «Развитие геоинформационного обеспечения для решения задач геологического изучения и использования недр, формирования и ведения Единого фонда геологической информации». На данном совещании приняли участие полномочные представители от Российской Федерации, Республики Казахстан и Республики Беларусь. Республику Казахстан представили Заместитель председателя Комитета геологии и недропользования МИИР РК - Талгат Сатиев, руководитель управления информационных технологии и геологической информации КГН МИИР РК - Даир Ибраев и директор департамента информационных технологий и сопровождения базы данных ТОО РЦГИ «Казгеоинформ» - Нурлан Абышев.  Талгат Сатиев рассказал участникам совещания о создании и внедрение Информационной системы Национальный банк данных минеральных ресурсов Республики Казахстан, который вызвал большой интерес у аудитории. По результатам вышеуказанного совещания были приняты решения по дальнейшему сотрудничеству и был подписан протокол Российско-Казахстанской рабочей встречи в рамках исполнения поручения XXII сессии Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті