Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2102/19
Подведение итогов деятельности Комитета геологии и недропользования и межрегиональных департаментов

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және өңіраралық департаменттердің қызмет қорытындысы

2019 жылғы 21 ақпан күні Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 2018 жылғы жұмыс қорытындысы және 2019 жылға қойылған міндеттерді талқылау бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Тимур Тоқтабаев, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің,  Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, өңіраралық департаменттердің, «Қазгеология» АҚ ұлттық компаниясының, «Қазгеоақпарат» РГАО  ұлттық операторының басшылығы қатысты.

Мәжіліс барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылары атқарылған жұмыс және 2019 жылға қойылған міндеттер туралы баяндады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптарын іске асыру проблемалары,  геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы өзекті мәселелері талқыланды.

Өңіраралық департаменттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмысына, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауына аса назар аударылды.

 Подведение итогов деятельности Комитета геологии и недропользования и межрегиональных департаментов

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті