Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1903/19
Рабочий визит председателя Комитета геологии и недропользования в город Усть-Каменогорск

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының Өскемен қаласына жұмыс сапары

2019 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы А.А.Надырбаев Өскемен қаласына жұмыс сапарымен келді.

Іссапар барысында ШҚО әкімі Д.К.Ахметовпен кездесу, «Шығысқазжерқойнауы» ӨД ұжымымен және 089 бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізілетін жұмыс орындаушыларымен мәжіліс өткізілді.

Жұмыс кездесуі аясында күннің бірінші жартысында ӨД мамандарының қатысуымен «Шығысқазжерқойнауы» ӨД қызметінің нәтижелері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Күннің екінші жартысында жиналысқа қатысушы мердігерлік ұйымдар – Шығыс Қазақстан бойынша мемлекеттік бюджет жұмыстарын орындаушылармен проблемалық сұрақтар талқыланып, Комитет төрағасы А.А.Надырбаев 089 «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының 102 «Өңірлік, геологиялық-түсіру, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» және 103 «Минералды-шикізат базасы және жер қойнауын пайдалану, жер асты және қауіпті геологиялық процестерінің мониторингі» кіші  бағдарламалары шеңберінде қатты пайдалы қазбалар мен жер асты сулары объектілерінде жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жұмыс сапарының соңында А.А.Надырбаев геологиялық және қор материалдарын сақтау және орналастыру жай-күйімен танысты.

Рабочий визит председателя Комитета геологии и недропользования в город Усть-Каменогорск

Рабочий визит председателя Комитета геологии и недропользования в город Усть-Каменогорск

Рабочий визит председателя Комитета геологии и недропользования в город Усть-Каменогорск


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті