Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2405/19
Атырауда «АтырауГео-2019»  V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

Атырауда «АтырауГео-2019» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

Бұл күндері Атырауда "АтырауГео-2019" V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. Конференцияның басты міндеті - геология саласының маңызды өзекті мәселелерін, идеялары мен міндеттерін қарастыру және талқылау, ғылыми біліммен және жетістіктермен алмасу үшін бірыңғай кәсіби алаң құру.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, ірі геологиялық барлау, мұнай компаниялары, ғылыми-зерттеу институттары, жобалау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер мен геология саласының қауымдастықтары қатысуда.

Конференция барысында ҚР ИИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев елдің көмірсутегі әлеуетін кеңейту перспективалары және аз зерттелген аумақтардың жер қойнауын геологиялық зерттеу жоспарлары туралы айтып берді.

Конференция барысында іздеудің жаңа бағыттарын қарастыру және талқылау, мұнай мен газ шоғырларын іздестірудің жаңа мүмкіндіктерін, технологиялары мен әдістерін зерделеу; игерілген кен орындарының қалдық мұнайын игеру мүмкіндіктерін бағалау және антиклинальді емес тұтқалардың перспективаларын бағалау; Қазақстанның мұнай-газ аймақтарында мұнай мен газдың жаңа кен орындарын ашу перспективасы; мұнай мен газға геологиялық-іздестіру жұмыстарын цифрландырудың нақты мүмкіндіктері; Қазақстандағы көмірсутек шикізатын баламалы іздеу проблемалары жоспарланып отыр.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті