Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0402/19
Председателем Правления АО «Национальная геологоразведочная компания «Казгеология» назначен Алмаз Абдыгалимов

Алмаз Абдіғалымов «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды

Алмаз Абдірәшұлы Абдіғалымов, 1974 жылы туған, Алматы облысының тумысы.

А.А. Абдіғалымов 2001 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде  «қаржы және кредит» екінші мамандығына ие болған.

Алмас Абдірәшұлы Абдіғалымов мұнай және газ барлау әрі өндіру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы консалтинг саласында 17 жыл жұмыс тәжірибесі бар.

Ол әртүрлі жылдары:

- «ҚМГ-Евразия» ЖШС бас директорының орынбасары – 2017ж;

-  «ҚазМұнайГаз» Өндіру мен бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-те «Евразия» жобасының бас геологы және жетекші үйлестірушісі болып жұмыс істеген – 2015-2016жж;

-«Гео-Мұнай XXI» ҒӨБ» ЖШС бас директоры және орынбасары – 2007-2015жж;

-«Каспиан Гео-Консалтинг  Сервис» ЖШС геологиялық барлау жобалары бойынша менеджер – 2006-2007жж;

-«Қазнефтехим-Копа» ЖШС геология бөлімінің бастығы – 2005-2006жж;

-«СНПС Ай-Дан Мұнай» АҚ» ЖШС 1 санатты кәсіпшілік геологы -2002-2005жж.

Жоғарыда көрсетілген жұмыс тәжірибесінен басқа, Алмаз Абдіғалымовтың ғылыми қызмет тәжірибесі де бар. Ол өзінің еңбек қызметін Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының кіші ғылыми қызметкері қызметінде бастаған – 2001-2002жж.

Үйленген, үш баласы бар.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті