Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

You are here

Халықаралық ынтымақтастық

Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетімен халықаралық ынтымақтастық шегінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы ынтымақтастық Тауелсіз Елдер Достастығының  жер қойнауын қорғау және пайдалану, барлау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің негізгінде жүргізіледі. Шекарааралық ынтымақтастықтық негізгі құраушы құжаты «Зерттеу, барлау және минералды-шикізат ресурстарын пайдалану саласындағы шекарааралық ынтымақтастық Келісім туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2000 жылғы 4 мамырдағы №655 Қаулысы.

2017 жылғы жағдайға дейін 22 отырыс өткізілді. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: жер қойнауын пайдалану және геологиялық зерттеу саласы, бірлескен жобаларды жүргізу, шекарааралас аумақтарда геологиялық зерттеулерді арттыру. 23 отырысты 2019 жылы Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.

Негізгі қатысушылар Рессей, Беларусь, Украйна, Қырғыз, Армения, Тәжік елдері.

Осы жүргізілген жұмыстар бағытында қатысушы елдердің шекеарааралық және трансшекаралық аумақтарын қамтитын жер қыртысының ірі жекежондарына минерагениялық және геологиялық карталарының атласы құрылды.

Қазақстан және Қытай шекара маңы аумақтарын бірлесіп зерттеу мақсатында  «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетін құру туралы Келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы №545 Қаулысы шегінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі Геология және жер қойнауын пайдалану туралы Кішікомитеті құрылды.

Кішікомитет шегінде екі елдің шекарамаңы аумақтарының геологиялық құрылымын кешенді зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді. 1:1000000 масштабты геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карта жасалды. Алдағы уақытта Қазақстан мен Қытайдың шекарамаңы аумақтарында бірлескен геологиялық картаны біріктіру жобасын жалғастыру  туралы жұмыс жоспарлануда.

Кішікомитеттің кезекті 9-шы отырысы 2018 жылы желтоқсанда Қазақстанда өтеді.

Қытай, Моңғолия, Корея, Рессей және Қазақстан елдерінің қатысуымен «1:2.500000 масштабтағы түсіндірме жазбамен қоса Орталық Еуразияның және іргелес аймақтардың геологиялық картасының Атласын құру» және  «Солтүстік Орталық және Шығыс Азияның геологиялық құрылымдар және металлогениясы» атты халықаралық  жобалар  бойынша жұмыстар жалғасуда.

«1:2.500000 масштабтағы түсіндірме жазбамен қоса Орталық Еуразияның және іргелес аймақтардың геологиялық картасының Атласын құру» туралы бірінші жоба 2007 жылы аяқталып, 2008 жылы Осло қаласында (Норвегия) Халықаралық геологиялық конгресстің 33 сессиясында жарияланды.

Екінші жоба бойынша жұмыстар жалғасуда. 16-шы біріккен мәжіліс 2018 жылы Корея Республикасында болды.

 

© 2019

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті